Бейсенбі күні Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан Мұғалжар ауданына қарасты Ембі қаласында болып, қаланың ақсақалдар алқасымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
Өкіл имам Т.Оспан өңірдегі аузы дуалы ақсақалдарды халықтың бірлігіне, ынтымағына бағытталған, ел тентегін түзейтін тәрбиелік жұмыстарға, сондай-ақ, дінге бет бұрғандардың, әсіресе, жастардың арасындағы үгіт-насихат жұмыстарына атсалысуға шақырды. Өз кезегінде қариялар да қолдау білдіріп, елдің ынтымағы, жарқын болашағына тілекші екендіктерін жеткізді, жастардан ақыл-кеңестерін аямайтындықтарын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.03.2017
3881
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру