Маңғыстау облыстық мешітте облыс имамдарының кезекті жиналысы болып өтті. І тоқсанда атқарылған жұмыстарға шолу жасап, алдағы атқарар жоспарлар түсіндірілді. Басқосу барысында қала, аудан, ауыл имамдарының ойлары ортаға салынып, өкілдік тарапынан тапсырмалар берілді.
Өкіл имам Смайыл Сейтбеков төрт бағыт бойынша белсенді қызмет атқарып, тапсырмаларды тыңғылықты орындап отырған имамдарды атап өтті. Жиналыс барысында имамдардың біліктілігін көтеру мәселесі көтеріліп, қоғам арасындағы оң өзгерістерді қалыптастырудағы дін қызметкерлерінің атқаратын маңызы жайында айтылып, имам биылғы атқарылған, атқарылып жатқан және атқарылуы жоспарланған іс-шараларына қысқаша тоқталып өтті.
Сауат ашу курстарын жоспарға сәйкес жандандыруды тапсырды. Діни оқу орындарына қазірден шәкірттерді даярлау қажеттігіне тоқталды. Діни іс шараларды орындауда аса жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертіп өтті.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.03.2017
3055
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру