Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт азаматтары әріптес әйел-аналарға құрмет білдірді

10.03.2017 3809 0 пікір

Көктемнің алғашқы мерекесі – әйел-қыздар мейрамына орай, «Иманғали» орталық мешіті азаматтары Алла үйінің барша әйел қызметкерлеріне құрмет білдірді.

Құттықтау салтанатында өкіл имам Батыржан Берденұлы сөз сөйлеп: «Анаға құрмет білдіру – Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Жұмақ ананың аяғының астында екенін айтқан ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамзаттың анаға қарыздар екенін меңзейді. Олай болса, анаға құрмет білдіру сәттік уақытпен өлшенбесе керек-ті. Алла Тағала ананы сыйлау үшін арнайы бір күнді бекітпеген. Сондықтан да аналар қашан да құрмет-сыйға лайықты», – деді.

Жиын соңында бас имам мешіттің әйел-аналарымызға сыйақы тарту етіп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне береке тіледі.

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру