Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Аналар үйіндегі» ән

10.03.2017 3521 0 пікір

Барлығы бір үйдің балалары, бүтін бір отбасындай тату тұрып жатқан «Аналар үйіндегі» әпке-қарындастарымыздың әрқайсысының  бүгінгі «ерлікке» теңелер әрекеті – бауыр еті баласын бөгденің босағасында тастап кетпей, тағдыр тауқымет тарту етсе де, баласын бір өзі жеткізіп өсіруге жауапкершілік алуы. Осы уақытқа дейін 89 анаға баспана беріп, қорған болған, қоғамға бейімдеген үйде қазіргі уақытта 13 ана, 10 бала тұрып жатыр.   

Жуырда ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша әйелдер-қыздар секторының мүшелері «Аналар үйінде» қонақта болып, ондағы қыз-келіншектермен жылы сұхбат жүргізді. Сектор меңгерушісі Диляром Бектаева мен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұстазы Кенжегүл Қошқарова сіңлілеріне жылы сөзбен демеу болып, өмірдің басты байлығы – балаларына жақсы тәрбие беріп, оларды ұлтжанды, арлы, әдепті етіп өсіру – ата-ананың әуелгі міндеттерінен екендігін түсіндірді. Аналардың бірі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып беріп, «Ана туралы жыр» әнін орындап, отырысты ажарландыра түсті.

Сондай-ақ, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті жанынан құрылған «Сен де үлес қос!» акциясының аясында «Аналар үйіне» азық-түлікпен жәрдем берілді. 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру