
7-наурыз күні «Иманғали» орталық мешітінде халықаралық Әйел-аналар мейрамына орай бірнеше шара ұйымдастырылды. Алдымен бір топ ақ жаулықты аналарға қайырымдылық жасалып, одан кейін мешіті ұжымы қаладағы Зағип, саңырау, сақаулар қоғамына барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көктемнің жайма шуақ күніндей әсерлі көңіл-күй сыйлап қайтты.
Қайырымдылық шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ қамкөңіл жандарға көмек қолын созу болса, тума жетім болмаса да, көрер көз, сөйлер тіл, тыңдар құлаққа зәрулігі себепті қоғамнан жырақ тірлік кешіп жатқан мүгедек жандардың көңілін сұрап, жағдайын білу ол да бір сауапты іс болмақ.
Қайырымдылық пакеттерін (макарон, күріш, өсімдік және мал еті, т.б.) тарату барысында ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, бас имам Батыржан Берденұлы сөз сөйлеп, ақ жаулықты ана, апаларымыз бен жеңгелерімізді көктемнің алғашқы мерекесі – Әйелдер мейрамымен құттықтады.
Айта кету керек, игі шара барысында 20-ға жуық отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2017
3586
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру