Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарияға қарайласу – қайырлы іс

09.03.2017 3511 0 пікір

7-наурыз күні ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі Жалпы және жастар ісінің жетекшісі Арман Урумбаев қаладағы қария аналарымыздың үйлерін аралап, төл мерекелерімен құттықтады. 

Қариялардың көңілін сұрай барған А.Урумбаев ұзақ жылдар бойы төсекке таңылған қамкөңіл қариялармен аз-кем тілдесіп, қамқорлық танытты. Сондай-ақ, қайырымдылық пакеттерін үлестіріп, діни кітаптарды тарту етті.

Осы ретте қариялар қоғамнан жырақ қалса да, өздерін елеп-ескерген Алла үйінің ұжымына алғыс сезімдерін білдіріп, ақ баталарын берді.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру