
8-наурыз халықаралық Әйелдер күні қарсаңында ҚМДБ Атырау өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Айжарқын Түзелованың бастамасымен сауат ашу курсының бір топ әйелдер жамағаты қария аналардың отбасын аралап, мерекемен құттықтады.
Бірі көптен бері сал ауруына ұшырап, ал бірі қарттықтан төсекке таңылған жандардың көңілін сұрай барған әйел жамағаты қария аналармен аз-кем сырласып, жағдайларымен танысты. Қашанда дұға-тілекте болатынын айтып, қандай жағдайда да қол ұшын созуға дайын екендерін айтты.
Аурудың көңілін сұрау сынды Алла Тағала құзырындағы қайырлы да, сауапты іс барысында Үміт Оспанова (87 жас), Қалықыз Ізбасарова (96 жас), сондай-ақ, көрші-көлемнің қамқорлығымен тірлік кешіп жатқан жалғызбасты Нұрыш Қапақова (75) сияқты аналарымызға ақ жаулық тарту етілді.
Адамдық пейілімен тәнті еткен мешіт жамағатына риза болған қариялар ағыл-тегіл алғыс сезімдерін білдіріп, ақ баталарын беріп, мағыналы ғұмыр тіледі.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2017
3812
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру