Бүгін облыстық мешіт жамағаты ішінен сауат ашу курсында ілім алып жатқан ақжаулықты әжелерді көктем мерекесімен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов құттықтады. Шараны Орал орталық мешіті, Әйелдер-қыздар секторының жауапты маманы, ұстаз Гүлжамила Ахметова ұйымдастырды.
Мерекелік шарада өкіл имам Руслан Тыныштықұлы әжелер мен әйелдердің қазіргі таңдағы ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлесі өте зор екенін айтып, шәкірттер арасында имандылық тәрбиесін үйретіп, даналыққа толы ғибратты әңгімелерді айту шараларын қолға алу қажеттігін атады.
Бұл - өте маңызды мәселе. Себебі, Алла Құранда "Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де қастарыңда кәрілікке жетсе: "Түһ" деме, (кейіс білдірме) сондай-ақ, ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле"-деген. (Исра 23-аят) Аллаға құлшылықтан кейінгі орында ата-анаға құрмет тұратын болса, перзентке қаншалықты жауапкершілік жүктелетіні түсінікті жайт. Оның үстіне қасиетті хадисте: "Алланың разылығы - ата-ананың разылығында, Алланың ашуы - ата-ананың ашуында",-деп жеткізді.
Айтулы шараға жиналған әжелерге сый-сияпаттар берілді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2017
3726
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру