Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жеңіп алған жүлделеріне жетім балаларға сый жасады (ФОТО+ВИДЕО)

09.03.2017 3760 0 пікір

Кеше Астана қаласындағы «Сарыарқа» сауда орталығындағы кинотеатр іші күлімдеген бүлдіршіндер мен олардың шат күлкісіне толды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері ұйымдастыруымен «SOS Балалар ауылындағы» 100 тәрбиеленуші тегін кино тамашалап, көңіл көтеріп қайтты.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын «Әзірет Сұлтан»  мешітінің 5 жылдығына орай шәкірттер арасында спорттық сайыс ұйымдастырылған болатын. Аталмыш сайысқа 12 ұстаздың шәкірттері арасынан 24 команда жасақталып, футбол және волейбол ойындары бойынша бақ таластырған болатын. Сайыс қорытынды бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлының шәкірттерінен құралған «Сұлтан» командасы волейбол сайысынан – І орын (жүлде қоры 50 000), ал футбол жарысынан ІІІ орын (20 000) иеленген болатын.

Жеңімпаз шәкірттер өздерінің бұл жүлделерін қайырымдылық шарасына жұмсап, жетім балаларға сыйлық жасауды жөн санапты. Ұстаздарымен ақылдаса келе бүлдіршіндерді киноға апарып, тәтті тағамдармен сыйлауға тоқталған. Алдын ала бүлдіршіндер таңдауына ерік беріліп, сұрау бойынша «В поисках мамы» фильмі көрсетілді. Мешіт шәкірттері бүлдіршіндердің барлығына тәтті сусындар мен тағамдар таратып, «кішкентай қонақтарға» ерекше құрметпен қарсы алды.

Фильм басталмастан бұрын «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы балаларға ізгі тілегін білдіріп, қайырымдылық шарасының мешіт шәкірттері атынан жасалып отырғанын жеткізді. Өз кезегінде жеңімпаз шәкірттер «Балалар ауылының» кішкентай спортшыларына жеңіп алған кубоктарын тарту етіп, естелік суретке түсті. Үнемі құлшылық ордаларының қамқорлығына куә болып келе жатқан «SOS Астана Балалар ауылының» басшылығы да өз ризашылықтарын білдіріп, «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы «Алғыс хат» табыстады.

 

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру