Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстікте өкіл имамның «Ашық есік күні» шарасын жалғасуда

07.03.2017 3585 0 пікір

Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің кезекті «Ашық есік күні» шарасы  ұйымдастырылды.

Кезекті кездесу аудандық «Нұр» мешітінде өткізілді. Оған ауыл билері мен өзгеде  ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында өкіл имам Ахметжан қажы Керімбекке тұрғындар тарапынан 75-тен астам күрделі сұрақтар қойылып, олардың барлығына тұщымды жауап беріп отырды.

Жалпы, тұрғындар тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтардың дені дін мен дәстүр шараларын қолға алу,  жаназа мәселелері, ҚМДБ тарапынан шығарылған пәтуаларын жергілікті газеттерге жариялау, түрлі ағымдардың алдын алу, оқу орындарының төлем ақысын төмендету,  ауыл имамдарының діни білімін көтеру, жастардың тәрбиесі, телеарналарда имандылық бағдарламалардың санын арттыру, ораза тұту кестесін бір ізділікке түсіру,  т.б. мәселелер төңірегінде өрбіді.

Дәл осы ашық есік күні шарасы ОҚО Ордабасы, Түлкібас, Мақтарал, Шардара және Сайрам аудандарында болып өтті.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 620

IMG 621

IMG 623

IMG 624

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру