Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағатты қашықтықтан оқыту жалғасуда

07.03.2017 3587 0 пікір

Бүгінгі заманауи технологиялардың жетістігі қашықтықтан оқыту үрдісін дамытуға мол мүмкіндік бергені рас. Нарық көшіне ілескен дін мамандары да жақсы бастама көтеріп, жамағатқа скайп желісі арқылы сабақ жүргізуді қолға алған болатын.

Жеті бірдей аудан жамағатын қамтыған шаралар сәтті жалғасуда. Атап айтқанда, Мұғалжар, Шалқар, Мәртөк, Хромтау, Темір, Ырғыз, Алға аудандарында  «Нұр Ғасыр» облыстық орталық, Ақтөбе қалалық орталық мешіттерінің және «Ақтөбе медресесі колледжінің» ұстаздары сабақ өтуде. Скайп сабақтары «Әл-Кабаир», «Нурул-Идах», «Ахлақул Муслим», т.б. кітаптар бойынша жүргізілуде. Соның ішінде, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Асылхан Темірханов Мәртөк ауданының жамағатына «Ықтияр» атты фиқһ кітабы бойынша, ал Мұрат Досаналиев алғалық азаматтарға «Әл-Кабаир» кітабы бойынша  дәріс өткізуде.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің

баспасөз қызметі


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру