Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт қызметкерлері арнайы мектеп-интернатқа қайырымдылық жасады

07.03.2017 3701 0 пікір

Діни басқармадан өкілдіктерге әйелдер мерекесіне байланысты қайырымдылық шараларын жасау, науқастардың халін сұрап, шарапатты шаралар ұйымдастырып, өткізу туралы ресми тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылыққа байланысты  бірқатар шараларды жоспарлап, іске асыруға бел шешіп кірісіп кетті.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті облыстық «Білім басқармасына қарасты арнайы мектеп-интернатына» барып, ондағы оқушы- балаларға қайырымдылық шарасын жасады.

Шара барысында оларға мешіт шәкірттерінің көмегімен концерт қойылды. Мешіт шәкірттері әсем ән әуелетіп, би биледі. Интернат оқушылары концерттік бағдарламаны қызыға тамашалады. Шәкірттердің концерті олардың көңілінен шықты. Осылайша балаларға меркелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында оларға алқызыл гүл шоқтары таратылды. Соңынан балаларға мешіт шәкірттері даярлаған дастарахан жайылып, оларға тәттілер үлестірілді.

Шарада сонымен қатар облыстық мешіттің наиб имамы мен ұстазы балаларға анаға құрмет туралы тағылымды ғибрат айтып берді.

«Қайырымдылық шараларына шәкірттерді де тарту арқылы адамдарға көмектесу, қол ұшын беруді насихаттаудамыз. Бұл шараның басқаларға үлгі боларлық тағылымдық жағы айырықша» деп атап өтті, ұйымдастырушылар.

Арнайы мектеп интернаты басшылығы осындай қайырымдылық бастамасы үшін облыстық мешітке және оны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің  баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру