Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы «Алшаң Жібек Жолы» ассоциациясының Ақтөбе өңіріндегі филиалы «Ақтөбе қайырымдылық мекемесінде» бүгінде 18 шәкірт тәлім алуда. Аталмыш мекемеге ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы өкілдігі тарапынан жауапты маман ретінде тағайындалған «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұстазы Смағұлов Нұрбол жуырда мекеме басшысымен кездесіп, ондағы тыныс-тіршілікпен танысты.
Мекеме басшысы Абдуалиев Хайрулланың айтуынша, діни мекемеде білім алып жатқан 18 шәкірттің 17-і мектеп оқушылары және біреуі колледж студенті. Қаладағы №29 және №15 мектептерде білім алатын аталған 17 шәкірт осынан қатынап оқиды. Яғни, жатын жерлері – осында, сондай-ақ, діни сауат ашуға да толық мүмкіндік бар. Оларға тәлім беретін ұстаздардың барлығы бірдей дін саласының мамандары, оның ішінде Түркия мемлекетінде білім алғандар да бар.
Кездесу барысында оқушыларға діни біліммен қатар зайырлы білім алудың маңыздылығын түсіндірген мешіт ұстазы Нұрбол Смағұлов олардың мектептегі сабақ үлгерімдеріне көңіл бөлуін ескертті. Себебі қалалық №29 мектептің оқушылардың үстінен мектеп әкімшілігі арыз түсірген болатын. Арыздың мазмұнында соңғы кезде шәкірттердің сабақ үлгерімдерінің төмендеп кеткендігі айтылған. Ал шәкірттер өз кезегінде мекемедегі діни сабақтардың көптігін алға тартып, ақталуда.
Және бір атап өтерлік жайт, Ақтөбе қайырымдылық мекемесі өкілдік тарапынан тиісті ескерту жасалғанына қарамастан, 2016 жылға дейін мерекелік Айт намаздарын өз мекемелерінде жамағат құрып, оқып келген. Ал апта сайынғы жұма намазын әлі де өз беттерінше оқуда. Бұл жайтқа қатысты олар арнайы рұқсат қағаздарының барын алға тартады. Әйткенмен, аталмыш мекеме мен ҚМДБ арасындағы жасалған келісімшартта оларға жұма намазын жүргізуге рұқсат берілгендігі көрсетілмеген.
Осы аталған жағдайларға байланысты мешіт ұстазы Нұрбол смағұлов мекеме басшылығына қатаң ескерту жасап, жұма намазының мекеме ішінде жамағат болып оқылуын тоқтатуын сұрады. Сондай-ақ, шәкірттердің сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізбес үшін, олардың мектеп пен қайырымдылық мекемесіндегі оқу бағдарламаларының уақыттарын сәйкестендіріп, реттеу керектігін айтты.
Қайырымдылық мекемесінің шәкірттері жатақханамен қамтамасыз етілген. Мұнда оқушыларға барлық жағдай жасалған. 40 балаға арналған арнайы бөлмелер, 3 дәріс сыныптары, намаз оқу залы, қонақ бөлмесі, бухгалтер, ұстаздарға арналған өзге де бөлмелер бар. Одан бөлек душ кабиналары мен әжетханалар бар.
Оқу бағдарламасына сәйкес шәкірттерге классикалық кітаптардан дәріс беріледі. Құран Кәрім және тәжуиді, араб тілі грамматикасы мен морфологиясы, фиқһ, Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, әдеп сабақтары жүргізіледі.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.03.2017
5468
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру