
Маңғыстау облыстық орталық мешіті, Әйелдер-қыздар секторының жауапты маманы, ұстаз Гауһар Жұмағалиева және ұстаз Ахметова Әйгерімнің ұйымдастыруымен облыстық мешіт жамағаты ішінен «Әжелер мектебі» құрылды.
Арнайы өткен жиналыста өкіл имам Смайыл Сейтбеков мешіт жамағатындағы әжелер мен әйелдердің қазіргі таңдағы ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып, жастар арасында имандылық тәрбиесін арттыруы үшін осындай игі шараларды қолға алу қажеттігін атап өтті. «Әжелер мектебінің» мақсаты - жас қыз-келіншектерге бағыт - бағдар беру, оларды имандылыққа баулу, дін мен дәстүрді сабақтастырып түрлі шаралар ұйымдастыру. Өкіл имам әжелер мектебін құрудағы мақсаттың бірі ретінде қарттар үйі мен жетімдер үйіне зиярат жасау, қайырымдылық шараларына атсалысу екенін атап өтті.
Өкіл имам С.Сейтбеков әжелерге жұма күні жұма намазға қазақи киіммен келуге ұсыныс жасады. Әжелеріміз бұл ұсынысты бір ауыздан қабыл алды. Наурыз көктемнің алғашқы айы болғандықтан, жастарды тәрбиелеуге бағытталған алғашқы шара ретінде жас намазхан келіндер арасында «Келіндер сайысын» ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.03.2017
4356
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру