
«Һибатулла Тарази» мешітінде әйелдер жамағатына арналған уағыз өтті. «Жастық шағыңды бағала, сен әлі лүпілдеген гүлсің» тақырыбында өрбіген насихатқа жиналған жұртшылықтың қарасы қалың болды.
Аталған уағызды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова жүргізді.
Қыз баланы тәрбиелеу, балиғат жасы, етекті қымтап ұстау, қазақ халқының қыз баласын тәрбиелеудегі ұстанымы, дұрыс тәрбие берудің жолдары, шариғатымыздағы үлгі-өнеге мәселелерінің барлығын қамтыған жиын әжелердің де, ардақты аналардың да, студент қыздардың да рухани тұлғасына үлкен азық болды.
Жамағат ұстазға сан сауалын қойып, дәйекті жауаптарын алды. Сондай-ақ, келесі өтетін уағызды асыға күтетіндерін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.03.2017
3495
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру