Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа ұстаз қабылданды (ФОТО)

03.03.2017 3832 0 пікір

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы тағы бір білікті қызметкермен толықты. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Науан хазрет» атындағы Көкшетау Орталық мешітінің наиб имамы Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Сманов «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы болып тағайындалды.

Жаңа қызметкерді жұма намазына жиналған жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы таныстырып өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Сманов 1985 жылы 19-қазанда ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. 2002 жылы осы ауылдағы Майлықожа атындағы орта мектепті жақсы үлгеріммен тәмамдаған ол 2005 жылға дейін уақытына Алматы қаласындағы «Сұлтанқорған» мешітінде Құран жаттауға арнайды.

2007 жылы Сауд Арабиясы корольдігіндегі Араб тілі институтына түсіп, 2009 жыл үздік бағаға тәмамдап шығады. Сол жылы корольдіктегі «Ислам» университетінің Шариғат факультетіне түсіп,2013 жылы үздік дәрежемен аяқтап шыққан.

Muslim.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру