Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада 100 мүгедекке көмек берілді

03.03.2017 3720 0 пікір

Қасиетті Құранда: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер),  Алла оның сауабын еселеп қайтарады»  делінген.

Қайырымдылық жасауды негізгі жұмыстарының біріне санаған ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінде арнайы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде барлығы 100 мүгедек азамат пен азаматшаларға арнайы дастархан жайылып, олардың отбасына азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бас имам Омаров Талғат өз кезегінде көмек алушыларға насихатын жеткізіп, алғысқа ие болды.

 

Орталық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру