
Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітіндегі игі бастамалар үзілмей жалғасып келеді. Жуырда тағы да қаладағы бес мектептің оқуда озат ынталы шәкірттеріне шәкіртақы берілді. Шәкіртақыны 10 оқушыға өз қолымен табыстаған ауданның бас имамы Ерболат Жүсіпов олардың оқуда үздік, ықыласты да зейінді болуларын тілеп, дұға етті. Талапшыл шәкірттерді тәрбиелеп, білімге баулып жатқан ұстаздарына зор алғыс білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.
Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім исламда жақсы жол бастаса (үрдіс қалыптастырса), ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барлық адамдардың алатын сауабындай сауап жазылады» - дейді. Бүгінде Мұғалжар ауданында бағыт алған игі бастамалардың бірқатары өзге аудандарда да қолдау тауып, жақсылықтың үзігі жалғасуда. Жуырда ғана Темір ауданындағы Шұбарши мешітінің ұжымы да оқушыларға шәкіртақы тағайындап, игі істің тұсаукесерінде Шұбарши орта мектебінде оқитын оқушылардың алғашқы бесеуіне шәкіртақы берді. Шараны ұйымдастырушы мешіт жамағатына және мешіттің наиб имамы Нұрлан Адаевқа ерекше алғысын білдірген мектеп директоры мен ұстаздары алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.03.2017
3888
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру