
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі және Жастар ісі бөлімі жастардың жат ағымның жетегінде кетпеулері үшін «Діни сауатты жастар» атты кітап оқу акциясын жариялаған болатын. Акцияның алғашқы шарасы Әли Жұманың «Дінде шектен шыққандар» кітабымен басталды. ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің Маңғыстау филиалы жетекшісі Елдар Атибековтың айтуынша, шараға 5 адам қатысып, 20 күнде аталған кітапты оқып бітірген. Кітапты тәмамдап оқығандар арнайы емтиханнан да өтті. Олар өздерінің оқыған кітабы бойынша әзірленген тест сұрақтарына жауап берді. Ең дұрыс жауап беріп, кітапты зердесіне тоқыған оқушы бағалы сыйлықпен марапатталды.
«Алғашқы кітаптың 5 оқырманының ішінен Азамат Алпамысов есімді 9 сынып оқушысы барлық сұраққа мүдірмей жауап берді», - дейді Е.Атибеков. 16 жастағы Азамат Атамекен ауылының тұрғыны. Кітапты Мұнайлы аудандық мешітінен алған. Шара барысында жастарға ұсынылатын кітаптар өңірдегі барлық мешіттің кітапханасында бар. Ұйымдастырушылар акцияға өзекті кітаптарды оқуға ұсынатындықтарын және жастардың әрдайым ел Мүфтиятының сараптамасынан өткен кітаптарды ғана оқу керектігін атап өтті. «Діни сауатты жастар» акциясы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.03.2017
4111
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру