
1 наурыз С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Ынтымағы жарасқан ел ұрпағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алғыс айту күніне орай өткен шараға ҚМЛЬ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Асылхан Темірханов, ҚР Ұлттық «Ұлан» әскери институтының оқу ротасының командирі Самат Ғабдуллин және институтта тәлім алушы шәкірттер, сондай-ақ, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Бақытгүл Нағиева, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің әлеуметтік педагогы, психологы Әсемгүл Музеева және қалалық колледж студенттері қатысты.
Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен татулықты нығайту мақсатында бекітілген Алғыс айту күні әсіресе, 130-дан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына сыйдырған Қазақстан үшін орны ерекше, айрықша күн. Дөңгелек үстелге қатысушылар да шара барысында аталмыш күннің адамның мінезін тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталып, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тигізер оң әсері жайында айтты. Өзгеге алғыс жолдаудың адам бойындағы тәкаппарлық сынды қасиеттерді жоюға себеп болатындығын, мерекенің жалпы мейірімді бола түсуге үндейтігін атап өтті. ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Асылхан Нұртайұлы елдің алғысына бөленіп, бата алудың берекеті жайында сөз қозғады. Ең әуелі Алланың берген нығметіне, қолдағы барына шүкіршілік ете білген адамның абзалдығы жөнінде бірқатар Құран аяттарын мысалға келтіріп, Пайғамбарымыздың «Адамдарға алғыс айта алмаған адам Аллаға шүкір ете алмайды» деген хадисіне амал етуге шақырды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2017
3567
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру