
Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына білікті ғалым, Атырау облысының өкіл имамы Батыржан Мансұров уағыз жүргізді. Астана қаласына арнайы ат басын тіреген белгілі дінтанушы құптан намазынан кейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Аллаға алғысы жоқтың адамға алғысы жоқ» тақырыбында ой толғады.
1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған кездесу аясында білікті ұстаз Алла Тағаланың сансыз нығметтеріне шүкіршілік танытып, пенденің Жаратқан Раббысына шынайы ризалық білдіруі жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Уағыз соңы жамағатпен өткен сұрақ-жауапқа ұласып, түрлі тақырыптардың басын қамтыды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2017
3841
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру