Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдардың басқосу жиыны өтті

01.03.2017 3202 0 пікір

27 ақпан күні «Иманғали» орталық мешітінде өңірімізге қарасты қала, аудан және ауыл имамдарының басқосу жиыны өтті.

Имамдардың кезекті жиынын ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, жүргізіп отырды.

Жиын барысында оқу-ағарту, үгіт-насихат, қайырымдылық және экстремистік ағымдармен күрес сынды төрт бағыт негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалып, күн тәртібіндегі басты мәселелер талқыланды.

Бас имам Батыржан Мансуров «Қасиетті Құранда «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін үмбеттердің қайырлысы болып жіберілдіңдер», – деп келетін аят бар. Демек, дін-Ислам жолында Алланың үйінде қызмет ету – ардақты пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалған асыл сүннетті жамағатқа насихаттау, үлгі ету. Олай болса, Алланың разылығына қауыштыратын қайырлы істі жауапкершілікпен атқару – дінімізге құрмет көрсеткенмен тең. Алланың алдында да, адам алдында да абыройлы қызмет», – дей келе, имамдар беделінің қашан да биік болуына тілектестігін білдірді.

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру