«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген даналардың сөзі бар. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Алла тағаланың адам баласына бұйыртқан ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей мүгедек жандарға жанашыр болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол амал және әрбір мұсылманның парызы.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Мерей ауылы мәдениет үйінде 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай «Мүгедек жандарға қамқор болайық» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бұл жиынға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, жиналған қауымға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің құттықтау сәлемін жеткізіп, «Мейірімділік -мұсылманның сипаты» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Қайырымдылық іс-шара соңында Алмалыбақ ауылдық мешіт жамағаты демеушілігімен 20 мүгедек зағип жандарға және отбасыларына азық-түлік беріліп, сый-құрмет жасалынды.
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2017
3921
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру