
Астана қалалық «Зекет» қорының құрылғанына бес жыл толуына орай, «Қайырымды нан» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл жоба «Зекет» қоры ашылғалы әр жыл сайын өз жалғасын тауып келеді.
«Қайырымды нан» жобасы зейнеткерлерді, ардагерлерді, мүгедектерді және өмір қиындығына тап болған мұқтаж жандарды жаңа нанмен қамтамасыз етуді мақсат етеді.
«Бұл жоба – көмекке зәру жандарға нан өнімдерімен көмек көрсетуге ниеті барларға таптырмас мүмкіндік болмақ. Сонымен қатар, бұл игі шара — қашанда ас атасы саналатын нанның қадір қасиетін арттырып қана қоймай, адамдарды бір-біріне қамқор болуға шақырады. Сондықтан да жақсы іске жұмыла кірісіп, біздің қолдауымызға мұқтаж жандардың мойындарындағы жүгін, бірге көтеруге тырысайық! Қашанда жылулық сыйлауға жақын болайық!», - дейді «Қайырымды нан» жобасын ұйымдастырушылар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2017
3350
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру