
Жексенбі күні Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті әйелдер-қыздар секторының жетекші ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында "Салауатты өмір - денсаулық кепілі" атты волейбол турниры өткізілді.
Іс-шараға мешітке қарасты діни-ағартушылық курстардың қазақ және орыс тілді топтарының шәкірттері және олардың ұстаздары Ақерке Тұрғынбаева мен Жұлдыз Қажуева қатысты.
Сайыстың мақсаты қыздар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт түрлерін кеңінен насихаттау, ауызбіршілік пен ынтымақтастық орнату.
Қарлығаш ұстаздың айтуынша, спортпен шұғылданатын адам, басқа да салаларда жетістіктерге қол жеткізе алады. Өйткені спорт денені ғана шынықтырмай, сонымен қатар, қатаң тәртіпті, жауапкершілікті талап етеді.
Ойынға 4 команда қатысты. Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде бойынша жоғары ұпай жинаған «Кәусар» командасы 1 орынға қол жеткізді. Екінші орынға «Райана» командасына бұйырса, үшінші орынға «Илхам» және «Фирдаус» командалары ие болды. Барлық командалар мадақтау қағаздарымен марапатталды.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
3982
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру