Өткен сенбі күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жігерлі жастарды жинаған, талқысы көп тамаша басқосу өтті.
Қайырымды істерде көшбасшы болып жүрген жастармен жаюлы дастархан басында кездесіп, олармен әдемі әңгіме-дүкен құрған ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Асылхан Темірханов көкейдегі жүрген ойларымен бөлісті. Жастарды да тыңдады, пікір алмасты. «Ақтөбе мейірім», «Жүректен жүрекке», «Ақтөбе. Қайырымды жандар», «Рақым нұры» «Үміт оты», «Үміт нұры» деген әр түрлі атаулармен құрылып, жақсылыққа жанашыр боп жүрген еріктілер тобының қатарына өзге жастарды да тарту, оларды қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа баулу, қоғамдық жұмыстарға етене араластыру жайлы сөз болды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
3570
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру