27 ақпан «Руханият» мұражайында 1 наурыз – Рахмет айту күніне орай тамаша тағылымды шара өтті. Оған облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің мониторинг және сараптама бөлімінің маманы Түлкібай Сапаров, қаладағы қарттар және мүгедектер интернат үйінің психолог маманы Таңшолпан Иманалина, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Досаналиев және «Руханият» танымдық клубының төрайымы Жібек Абдуллина, сондай-ақ, С.Бәйішев атындағы колледждің заң факультетінің 3-курс студенттері қатысты.
Елбасы бекіткен күнтізбедегі «ерекше» күн – Рахмет айту күнінің маңызы мен мәні туралы сөз сөйлеген кеш меймандары әр түрлі ой-пікірлер білдірді. Бұл күннің адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты арттыратындығы, біір-біріне мейірімді болуға үгіттейтіндігі айтылды. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Досаналиев адамдардың бір-біріне рахмет айтып, разылығын білдірудің, яғни рахмет сөзінің түп-төркіні «Саған Алланың рақымы, рахметі жаусын!» деген тілектен шығатындығын түсіндірді. Психолог маман Таңшолпан Естайқызы қатысушылармен қызықты тренинг өткізіп, алғыс сөздерінің адамның көңіл-күйіне оң әсер ететіндігін айтты.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
4042
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру