ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық орталық мешітте «Елбасы Жолдауы – келешектің жарқыны» атты семинар өтті.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Халқына Жолдауын талқылаған әйел жамағатының ортақ пікірі елдің ауызбіршілігі мен татулығын қамтамасыз еткен Елбасының сарабдал саясатының аясында тоғысты. Әсіресе, Жолдауда бесінші басымдық ретінде аталып өтілген жемқорлықпен және діни экстремизммен күрес мәселесіне ерекше тоқталды. Семинарға қатысушыларға тақырып аясында түрлі роликтер көрсетіліп, экстремизм мен терроризм, экстремистік топтар терминдеріне түсінік берілді. Адамды жазатайым жазаға тартуы мүмкін аталмыш топтардың басты мүддесі мұсылманшылықты жаю емес, өзіндік теріс идеологияларын тарату екендігін түсіндірген мешіт ұстазы Бақыт Жансүгірова дінде орта жолды ұстанудың маңыздылығын ескертті. Экстремистік, террористік топтардың құрамында болып, қылмысқа барғандарға ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 182, 255, 256-баптарында көрсетілген белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру сынды ауыр жазалар қолданылатындығы, сонымен қатар, қылмыспен қолын былғамаса да, террорлық әрекеттің жоспарланғандығы жайлы ақпаратты біле тұра, құзырлы органдарға дер кезінде хабарламағандардың да заң жүзінде қатаң жазаланатындығы айтылды. Мешіт жанынан ашылған әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының жетекшісі Талшын Қожахметова мен мешіт ұстазы Ақжарқын Жилисбаева да Жолдауда қамтылған маңызды жайттарға жіті тоқталып, білместікпен, мейлі білімсіздіктен болсын, діни алауыздықты тудыратын, террористік мазмұндағы материалдарды тарату, онымен әлеуметтік желілерде бөлісудің өзі заң алдында қылмыстық жауапкершілікті міндеттейтіндігін жіті айтып, түсіндірді. Себебі, заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды. Семинар соңында жасы үлкен апамыз жамағатқа бата беріп, алған білімдері амалда асып, пайдалы болуын тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
4222
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру