Қаламызға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Орал, Алматы, Қостанай, Ақтау қалаларынан келген студенттер «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне арнайы келіп, Алланың үйін зиярат етті. Республикалық дебатқа келген жастар жолбасшы тәлімгерлерімен бірге үш қабатты, үшкір күмбезді мешіттің ішін түгелдей аралады. Қонақтарды ер және әйелдерге арналған намазханалар, неке қию, Құран оқу, сабақ өтетін бөлмелермен түгелдей таныстырып шыққан мешіттің наиб имамы Асылхан Темірханов іргесі 2008 жылы қаланған мешіттің тарихына қысқаша шолу жасады. Және сөзшеңдер бәйгесіне бақ сынауға келген жастарға Аладан жеңілдік әрі сәттілік тілеп, Құран бағыштады.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
3291
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру