Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Жастар ісі бөлімінің «Salyam» еріктілер тобы қайырымдылық шарасын өткізді

27.02.2017 3610 0 пікір

ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің Алматы қаласындағы өкілдігі «Salyam» еріктілер тобымен бірлесіп қайырымдылық шара өткізді. Жетім балаларды асырап отырған «Перзент» үйінің тәрбиеленушілеріне жастар сый-сияпаттарымен барып қуантты. Онда ағалық-әпкелік мейірімді сағынған балалардың көңілін көтеруге бағытталған әр түрлі ойындар бірнеше сағат бойы ойнатылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндер жастар ісі бөлімінің Алматы қаласындағы жаңа өкілі Қайыргелді Русланмен танысты.

Шараның артынан Жастар ісінің 260 адамнан құралатын «Salaym» еріктілер тобының белсенділері өзара таныстығын нығайту әрі салауатты өмірді насихаттау мақсатында Медеу мұз айдынына барып спорттық ойындар ойнады.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру