Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аудандық мешітте Елбасы Жолдауын талқылау өтті

27.02.2017 3726 0 пікір

Жақында Қостанай облысы Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінде  Қазақсан Республикасы Президентінің кезекті Жолдауын талқылауға байланысты жиын болып өтті. 

Онда Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің ұстазы «Дәстүрлі емес діни ағымдардың студенттер мен өскелең ұрпаққа теріс әсері» деген тақырыпта жасаған баяндамасын халық ұйып тыңдады.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сәния Қабылова «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Төлеген Керімбаевтардың сөздері де көпшілікке үлкен әсер қалдырды.

Бұл Жолдауды талқылауға мешіттің алқа мүшелері Қайырхан Байқанұлы, Райхан қажы Әмірханқызы, №3 Қарабалық орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақтолқын Ботабайқызы, мешіт жамағаты, мектеп, колледждердің қызметкерлері және студенттері қатысты. 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру