Қасиетті жұма күні құлшылық ордасына келетіндердің қарасы тым қалың болатыны айтпаса да белгілі. Осыған орай, «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына арналып әр жұма намазынан кейін уағыз жұмыстарын жүргізу жолға қойылып отыр. «Имандылық – тәрбиенің қайнар бұлағы» деген атаумен өтетін апталық кездесудің әр жолғы уағызы түрлі тақырыптарды қамтитын болады.
Алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатын игі шараның алғашқы уағызын «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұхарбаева өткізді. «Жүрек тазалығы» тақырыбында ой толғаған білікті ұстаздың уағызы жамағатқа айрықша әсер етіп, терең ойға қалдырды.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.02.2017
3553
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру