
Петропавл қалалық «Нұр» мешітінің жамағаты WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Жанат Жақияновпен кездесті. Жұма намазын қаза етпейтін батыр ұлан жамағатпен бірге сапқа тұрып, Алла алдындағы парызын өтеді.
Жанатты жақында АҚШ-да өткен жекпе-жектегі жеңісімен құттықтаған «Нұр» мешітінің бас имамы Әбілхан қажы Балтаұлы оған Құран кітабы бен Алланың сөзі жазылған картинаны тарту етті. Мешіт жамағаты мен ақсақалдар боксшыға ақ батасын беріп, елдің намысы үшін шаршы алаңда жасындай жарқылдап, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2017
3460
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру