
Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев республикалық «Асыл арна» телеарнасына ресми сапармен келді.
Нұрлан Байзақұлы телеарна орналасқан ғимаратты толық аралап көріп, шығармашалық, техникалық құраммен танысты. Осы күнге дейін атқарылған шаруаларға оң бағасын берді. Өндіріс жүйесіне қаныққан министр «Асыл арна», Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы арасында жасалған үш жақты меморандум негізінде елеулі жұмыстар атқаралып жатқанын атап өтті. Елбасы Жолдауы мен мемлекеттік саясаттың насихатталуы, экстремизммен күрестегі ағартушылық шараларының арна эфирінде көрініс табуына оң бағасын берді.
Сондай-ақ, Нұрлан Ермекбаев «Асыл арнаның» қоғамдағы орны ерекше екенін тілге тиек етіп, алдағы уақыттары министрлік пен телеарна арасындағы байланыс бұдан кейін де нығая түсетінін жеткізді, ұжымның шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2017
4391
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру