Алматы қаласындағы халықаралық 28-қысқы универсиада ойдағыдай өтіп, елімізге келген спортшылар мен спорт жанкүйерлері Қазақ мәдениеті мен Діни наным-сенімдерімен де танысып үлгерді. Шетелдіктердің мешіттеріміз бен арнайы намазханаларда емін-еркін нұсқаулықтар алуы үшін Алматы қаласы өкіл имамы Нұрбек Ауесханұлының тапсырмасымен Нұр-Мүбәрәк университетінің 4 тілді еркін меңгерген студенттері «Еріктілер» қатарына шақырылып, 16 студент дініміз бен мәдениетімізді таныстыру жұмысымен айналысты.
Универсиаданың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандығы үшін еріктілерге өкіл имам атынан алғыс жарияланып, ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы студенттерге «Алғысхаттарды» табыстады.
Ербосын Бектұрсынұлы ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, студенттердің сіңірген еңбектері зор екенін айтты.
Алматы Орталық мешіті баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2017
3575
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру