23 ақпан «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде ақшам намазынан кейін «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты, білікті теолог Еркінбек Шохаев уағыз айтты.
Теолог маман жамағатқа Аллаға және ақыретке иман келтіру, Алланың бұйыртқанына мойынсұнып, рұқсат етпеген нәрселерінен тыйылу, дінде орта жолды ұстанып, шектен шықпау, амалда тұрақты болып, адалдан азық жеу, ризық жинау, жақсылыққа жанашыр болып, жамандықтан тыйылу, сондай-ақ, адамның тәні мен рухын азықтандырудағы тепе-теңдік туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, барлық жаратылыстардан абзал жаратылған адамзаттың Алланың берген әрбір нығметіне шүкір етіп, Алланың ұлылығына сай құлшылық ете білуі керектігін айтты. Жамағат ұстазға дін төңірегінде әр түрлі сауалдар жолдап, тұщымды жауап алды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2017
3092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру