Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектеп-интернат оқушыларына құрмет көрсетілді (ФОТО)

23.02.2017 3820 0 пікір

22 ақпан күні "Иманғали" орталық мешітінде Атырау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №3 мектеп-интернаты оқушыларына құрмет көрсетілді.

Шара барасында 25-тен астам оқушыға дастархан жайылып, сыйлықтар тарту етіліп, қаржылай көмек берілді.

Наиб имам Артық Жұмабекұлы, сондай-ақ, мешіт азаншысы, ҚМДБ Атырау облысы бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаев жас ұрпақты қайсарлық пен жанқиярлыққа үндейтін уағыз айтып, Ислам тарихындағы өнегелі тұлғалардың өмірін үлгі ете сөз сөйледі.

Тағдыр талқысын мойымай көтеріп жүрген балалар көңілін бір сәт болса да көтеруді мақсат еткен мешіт ұжымы балалармен естелік суреттерге түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

Гүлбану Нұрымқызы,

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру