Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Әйел ұстаздар аттестациядан өтті

23.02.2017 4448 0 пікір

Еліміздің әр өңірінде кезеңмен дін қызметкерлерін аттестациялау күн тәртібіне енгізілген. Алматы қаласында кезекті аттестациялау қала мешіттерінде қыз-келіншектерге жүйелі дәріс беріп келген ұстаздарға өткізілді.

Комиссия ретінде Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Дін істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы және Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Ауесханұлы қатысты.

Шараның мақсаты ұстаздардың деңгейі мен біліктілігін анықтап, әлсіз тұстарымен болашақта жұмыс істеу.

Аттестациялау барысында 28 ұстаз ҚР діни бірлестіктер заңнамасы, ақида, фиқһ, Пайғамбарлар тарихы, Ислам тарихы, мазхабтар тарихы, 1 Имамдар форумында қабылданған төрт құжат бойынша сауалдарға жауап берді.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру