
20-ақпан күні ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі бойынша жастар бөлімінің жетекшісі, наиб имам Арман Урумбаев мүмкіндігі шектеулі спортшылармен кездесті.
Наиб имам туғаннан соқыр болып дүниеге келіп, Ислам тарихында Құранның білгірі ретінде даналығымен танылған Абдулла ибн Үмму Мактум (р.а.) сахабаның өнегелі өмірі туралы уағыз айтты.
«Атақты сахабаның Құран үйретуін өтініп, пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдына барып, өз ойындағыдай жауап ала алмағанына назалы болған кезінде «Ғабаса» сүресінің алғашқы аяттары түскен екен. Ал, біздер бұдан мүмкіндігі шектеулі жандар Алла Тағалаға мойынсұнса, Жаратқанның алдында дәрежесі биік боларын байқаймыз. Бұл – дүние сынақ алаңы. Сол себепті кім-кімнің де Аллаға тәуекел етіп, Раббысын ұлықтауы – парыз», – деді ол сөз соңында.
Шара соңында имам мүмкіндігі шектеулі жандарға «Тәпсір тұнығы», «Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір күндік өмірі» атты кітаптар тарту етіп, көңілі жабырқау жандарды бір қуантып тастады.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.02.2017
3579
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру