Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дінге қарсы аттаныс» газеті табылды (ФОТО)

22.02.2017 3511 0 пікір

Екібастұз қаласының тұрғыны Совет қажы Жанкелдіұлы және жұбайы Гүлжиян қажы Ханафияқызы осындай атаумен басылған газет қолжазбаларын сақтап келген. Бұл туралы E-islam.kz ақпараттық порталы жазды.

Совет аға мен Гүлжиян апа ұзақ жылдар бойы  жылт еткен ізгіліктің ұшқынын  дәріптеген деректерді көзінің  қарашығындай сақтап жинаған екен. Солардың бір бөлігі – газет қиындылары мен қолжазбалар. Онда  түрлі қоғам қайраткерлері мен  сол өңірдің азаматтары туралы көптеген деректер жазылған.

Сол құжаттардың ішінде сарғыш тартқан  отызыншы жылғы газет ойға қалдырады (Фотода). Шынында да, дінге қарсы күрес деп жатамыз, оның не екенін және халыққа қалай насихатталғанынан бейхабармыз. Мына газет соның  нақты айғағындай. 


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру