Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ "Əйелдер-қыздар" секторы меңгерушісі Шымкентке іс-сапармен келді

21.02.2017 5057 0 пікір

ҚМДБ-ның "Əйелдер-қыздадар" секторы меңгерушісі А.Тілегенова Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен келді.

Алдымен Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында қала, аудандардан келген "Әйелдер-қыздар" секторының 34 мүшесі қатысқан жиналыс өтті. Кездесу барысында "Əйелдер-қыздар" секторы меңгерушісі А.Қанатқызы 2017 жылы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырды.          Жұмыс жоспары барысында мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының жұмысы, қыздардың тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу, қайрымдылық шаралар мен түрлі кереғар ағымдардың алдын алу шаралары төңірегінде болды.

Сондай-ақ, облыстық орталық мешітінің ұстазы - сектор жетекшісі Е.Әбиева өзінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

«Заманауи қоғамда мұсылман əйелінің орны» тақырыбы бойынша кездесу өткізді

 

Осы күні бесіннен кейін, Шымкент қаласының əйел жамағатымен «Заманауи қоғамда мұсылман əйелінің орны» тақырыбы бойынша кездесу өткізді. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған кездесу үлкен әсер қалдырды. Кездесуге 300-ден астам қыз-келіншектер қатысты.

Жамағат қыз-келіншектердің өтініші бойынша осындай көлемдегі кездесулерді жиі ұйымдастыру айтылды.


«Шымкент» медресе-колледжінің қыздар бөліміндегі

кездесудің әсері зор

 

Дәл осы күні ҚМДБ-ның «Əйел-қыздар секторы» меңгерушісі А.Қанатқызы Шымкент қаласындағы «Шымкент» медресе-колледжінің қыздар бөлімінде кездесу өткізді. Онда оқып жатқан шәкірттерге діни білім алудың маңыздылығы мен пайдасы төңіредінде ақыл кеңесін беріп, медресенің бүгінді  тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында елеулі қызмет атқарып дəстүрлі асыл дініміздің дамуына үлкен үлесып жүргендерге алғысын білдірді.

Жалпы, кездеслер жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру