20 ақпан күні "Нұр-Мүбарак" университетіне ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Күлекеев пен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков мырзалар арнайы ат басын тіреді. Мемлекеттік Әнұранмен басталған жиынның алғысөзінде университет проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырза құрметті қонақтардың келу мақсатына тоқталды, яғни Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын жолдауын жан-жақты түсіндіру болмақ. Баршамызға белгілі биылғы жолдауда ел экономикасын өркендетудің негізі ел ішінде білімді дамыту, руханиятымызды жаңғыртып, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері қамтылған. Әсіресе цифрлық Қазақстан, мобильдік банкинг жүйесін дамыту, үш тілділік саясаты секілді қазіргі жаһандану дәуіріндегі аса маңызды мәселелерді дамыту жағы сөз болды. Ия, Елбасы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, құзырлы орындарға оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырылды. IT білімді, қаржылық сауаттылық пен ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігі басты назарда.
Ел қауіпсіздігіне байланысты мемлекет басшысының: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігі»,– құзырлы бақылауды күшейтумен қатар білікті мамандар дайындау арқылы жүзеге асатыны сөз болып, бұл орайда жастарға артылар сенімнің мол екендігі айтылды.
Проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза “Нұр-Мүбарак” университетінің негізгі тыныс-тіршілігі мен өскелең ұрпаққа білім беру, тәрбие жұмыстары аталған жолдау бағытына толық сәйкес екендігіне де тоқталды. Сондай-ақ университиет қабырғасында тек діни мамандар ғана емес, ағылшын-араб тілі мамандарын даярлау жағының ерекшелігін атап өтті.
Ал университет ұжымы атынан білікті ұстаз, филос.ғ.к., доцент Базар Хамзеева ханым сөз алып, “Нұр-Мүбарак” университетіндегі болашақ исламтанушы, дінтанушы мамандардың жан-жақты даярлану жағымен қатар мемлекет саясатын іс жүзінде жүзеге асырылып жатқандығына нақты мысалдар келтірді, яғни университеттің болашақ түлектері қос дүниелік білімді меңгеруде тек өз кәсібінің ғана емес, мемлекеттің саясат пен жаһандану жағдайынан хабардар болуы, жаңа технологиялар мәселесі университет басшылығының қашанда басты назарында.
Айша КЕҢЕСБАЙ
“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.02.2017
3416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру