ҚМДБ "Әйелдер-қыздар" секторының Алматы қаласындағы өкілдігі қалалық жоғары оқу орнындағы белсенді нәзікжандылармен «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Шараға Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы, жастар ісі өкілдігі де қатысып, өзекті мәселелерді түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Сектордың Алматы қаласындағы өкілі Ахметова Маржанқыз ұстаз жас бойжеткендерге үгіт насихат айтып, сектор жұмысының мән-жайымен таныстырды.
Сондай-ақ, шараға арнайы шақырылған қонақтар «Salyam» қайырымдылық еріктілер тобының жетекшілері қатысып, алдағы уақытта әйелдер-қыздар секторымен бірлесе отырып жұмыс істеу жөнінде ниеттерін білдірді. Шара соңы мәдени шараға ұласып, ұлттық аспаптардан құралған әуесқой өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.02.2017
5089
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру