
18-ақпан күні ҚМДБ Атырау өкілдігі бойынша "Әйелдер-қыздар" секторы іс тігуден шеберлік сағатын өткізді. Әйел аналарымызды қолөнерге баулумен қатар, қайырымдылық шарасына атсалысуға үндейтін игі шараны сектордың облыс бойынша жетекшісі, білікті ұстаз Айжарқын Түзелова жүргізіп, отбасы-ошақ қасындағы әйелдің міндеттері туралы уағыз айтты. «Әйел – шаңырақ шаттығының ұйытқысы. Жыртығын жамап, тесігін бүтіндеп отыратын жылу, шуағы. Яғни ана мейірі үйге қандай береке сыйласа, қолы да барды ұқсатып, жоқты білдірмес епті болуы керек», – деді ол өз сөзінде.
Шеберлік сағаты барысында мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан әйелдер жамағаты ер балаларға арналған қазақша оюлы желет, шалбарлар мен жайнамаздар тігіп, қолөнер бұйымдарын дайындады.
Айта кету керек, ісмер аналардың қолынан шыққан аталмыш киім өнімдері наурыз айында өтетін «Қайырымдылық жәрмеңкесінде» сатылымға шығарылады.
Гүлбану Нұрымқызы
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі .jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.02.2017
3662
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру