Діни басқарманың жастар ісіне байланысты шараларды көбірек ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі «Жастар - Тәуелсіз Қазақстанның болашағы» атты Өскемен өңірі жастарының алғашқы басқосуын өткізді. Жиынның мақсаты: жастарымыздың бойына имандылық, адамгершілік, отаншылдық сезімдерді орнықтыру, кері ағымдардан сақтандыру, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталды.
Алқалы басқосу Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтіп, оған Өскемен қалалық «Жастар орталығынының» басшысы Ринад Ахметжанов, Облыстық «Жастар мәслихатының» хатшысы Берік Кәдіров, «Самрұқ» зияткерлік клуб белсенділері қатарлы тұлғалар қатысты. Жиынға Өскемен өңірініе қарасты 11 аудан мен Өскемен қаласының жастары жиналды.
Шараны бастап сөз сөйлеген ҚМДБ ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Жастар тәрбиесі қай қоғамда да өзінің маңыздылығын жоғалтпайды. Күн тәртібіндегі басты мәселе жастардың кері ағымдардан аулақ болып, өз салтын, дінін, әдет-ғұрпын, отанын сүйетін тұлға болып қалыптастыру мақсаты тұр. Кері ағымдарға еріп адасқан бауырларымызды даналықпен ортамызға тартуымыз керек. Жастар мемлекетшіл, отаншыл,иманды болып тәрбиелену керек. Біз салт-дәстүрмен, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетімен, салт-санамызбен көркемделген исламды ұстанып, жеткізуіміз керек. Асыл дінімізде жастарға өнеге беру, тәлім, тағылымға баулудың сауабы зор екендігі жазылған. Олардың бойына имандылық, адамгершілік қасиеттер тоғысқанда еліміздің ертеңі нұрлы болады. Исламды зайырлы түрде түсініп, кең ойлап жеткізуіміз керек» деп атап өтті, өз сөзінде. Мешіттедің жанынан жастар алқасы құрылып, жастарды кері ағымдардан сақтандыру бағытында тың шаралар атқарылатындығын айтты.
Өкіл имам, сонымен қатар, қыс көзі қырауда қатал ауа райына қарамай, алыс-жақыннан жиынға келген барлық жастар қауымына шынайы алғысын жеткізді.
Бұдан соң жиында Өскемен қалалық «Жастар орталығының» басшысы Ринад Ахметжанов бүгінгі таңда жастар саясаты туралы, мемлекеттен жастарға жасалып отырған әлеуметтік жеңілдіктер, баспана алу мәселесі туралы кең көлемде баяндама жасады. Сонымен қатар, ол өз сөзінде кері ағымдарға ілесіп адасқан жастар туралы, оларды дәстүрлі дінге қайтару бағытында атқарылып отырған шараларға да тоқталып өтті.
Жастар баспана туралы, орамал тағуға қатысты сұрақтарын қойып, жауап алды.
Әр ауданнан жиналған жастар да өз өңірлеріндегі және жалпы жастарға ортақ ойларын айтып, ұтымды пікірлерін ортаға салды.
Жастар жиыны емен-жарқын сұхбаттасу мен тағылымды кеңеске толы болып өтті.
Жиын соңынан еліміздің бейбітшілігі үшін дұға жасалып, дастархан жайылды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.02.2017
3694
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру