Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен ақпан айы мешіт саласында мүгедек адамдарға қамқорлық жасау шаралары жүруде. Бүгін Алматы қалалық орталық мешітінде қайырымды жандардың садақасынан түскен ақшаға негізгі күн көріске қажетті азық-түліктер себеті әзірленіп, мүгедектерге қамқор болып отырған 25 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Қаланың Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы жиылған отбасыларға қысқаша уағыз-насихат айтып, бір адамға қамқор болудың асыл дініміздегі маңыздылығына тоқталды.
Жаратқан Құран Кәрімде «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады», – дейді. (Сәбә сүресі, 39-аят). Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, өзгелердің қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2017
3832
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру