Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Қыз-келіншектерден 35 шәкірт ижаза алу үшін сайысты

17.02.2017 4351 0 пікір

Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласы, Алмалы аудандық «Төле би» мешітінде тұңғыш рет қыз-келіншектер арасында  ижаза берілуімен Құран жарысы өткен болатын. Жарысқа 90-ға жуық Құран оқушы қыздар қатысты. Жарыс соңында жүлделі орынға ие болған қыздар,  жаттаған паралары бойынша ижаза алуға  35 қыз-келіншек іріктеліп, 1 ай көлемінде емтихан тапсырды. Міне, сол жарыстың нәтижесі 35  қыздың 13-і емтиханда мүдірмей, жақсы деңгей көрсетіп ижазаға лайық болды.   

Мешітімізге арнайы келіп марапаттау рәсіміне қатысқан ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Құран жаттаушы қыздарға уағыз айтып, батасын берді және Мысыр елінен келген "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы доктор Мәдих Абдулла және Республикалық имамдар білімін жетілдіру Ислам  институтының ректоры Мурзабаев Кенжәлі және мешіттің бас имамы Кутышев Сейтбек арнайы ижазамен марапаттады.

Марапаттау рәсімі мұнымен шектелмей,  мешітке қарасты «Діни сауат ашу» курсында білім алатын 30-ға жуық қыз-келіншектер де арнайы сертификатпен марапатталды. Шәкірттер ҚМДБ  жанындағы оқу-ағарту бөлімі бекіткен тұжырымдама бойынша 1-деңгейді тәмәмдап, білімін сынау емтиханын тапсырған болатын.

Алматы қалалық мешіттерінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру