Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен мешіттің діни сауат ашу курсы шәкірттері Павлодар қаласындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барып қайтты.
Әйелдер мен қыздар тәтті кондитерлік тағамдар әзірлеп, азық-түлік сатып алып, балалармен ойындар ұйымдастырды.
Мешіт ұстазы Жұлдыз Қажуева қыздардың балалар үйіне тек қана сауап жинау үшін емес, кішкентай бүлдіршіндерімізге бір жақсы көңіл сыйлау үшін барып қайтқанын айтады. «Біздің өмір сүріп жатқан ортамызда осындай балалар бар екенін ұмытпасақ екен деймін», - дейді ұстаз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.02.2017
3797
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру