Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ай сайын ұйымдастырылатын қайырымдылық шаралары негізінде ақпан айы бойынша 20 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Елордамыздағы тұрмысы төмен 20 отбасыға мешіт атынан азық-түлік қоры таратылды.
Игі шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ербол Абдуахитұлы күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік салынған сөмкелерді таратып, қолдау сөздерімен рухани жігерлендіре түсті. Қиыншылықтар мен ауыртпашылықтардың артынан сөзсіз бір жақсылық орын алатынын сүйіншілеп, сабырлы болудың сауабын айтты.
Мұқтаж жандардың мойнындағы ауырлықтан арылтпаса да, бірнеше күндік нәпақасы болатын азық-түлік сөмкелерін жабдықтауға жалпы сомасы 250 000 теңге жұмсалып отыр.







16.02.2017
65
Басып шығару
Muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.02.2017
3081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру