
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қоса әлеуметтік мекемелерге де қайырымдылық жасау бойынша арнаулы жоспар жасап, осы бағыттағы сауапты шараларды жүзеге асыра бастады.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен Ұлан ауданы Таврия елді мекенінідегі «Хоспис» қарттар үйіне қайырымдылық жасалды. Шараны өткізуге белсенді кәсіпкерлер мен жамағаттар көмектесті.
Қайырымдылық мекемесіндегі қарттарға жеңіл азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну заттары үлестірілді. Ондағы қарттар облыстық мешіт тарапынан үнемі көмек жасалатындығын айтып, бұл жолы да ризашылық білдірді.
«Панасыз, әрі ауру-сырқау қарияларға жәрдем беру аса сауапты іс. Оларға үнемі қамқорлық жасап тұрамыз. Бұл шара бұдан ары да жалғаса беретін болады», - дейді қайырымдылықты ұйымдастырушылар.
Осы орайда айта кеткенде Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті осы мекемеге үнемі қолдау жасап келеді. Өткен жылы күн энергиясымен жылу қондырғысын орнатып берген болатын.
«Хоспис» басшылығы қайырымдылық шарасы үшін облыстық мешіт ұжымына алғыс білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.02.2017
3853
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру